Қазақша презентациялар мен слайдтар - Әр түрлі
Кiру | Тіркелу
Қош келдіңіздер құрметті студенттер мен оқушылар! Қазақша слайдтар мен презентациялар сайты. Мұнда көптеген дайын слайдтар мен тегін презентациялар табуға болады. Ашық сабактар мен басқа да пәндерден слайдтар мен презентациялар бар. Және көптеген оқу - әдістемелік құралдар жинақталған.

Добавил: DanChik

22 НАУРЫЗ слайд презентация.

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тiлiнде нава - жаңа және рәзаңһ - күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тiлiнде де сол мағынамен қалған (но - жаңа және роуз - күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Добавил: DanChik

8 наурыз слайд презентация.

8 наурыз – нәзік жандылар мерекесі. Әлем шаттық пен сұлулыққа толатын күн. Абзал анамыз бір сәт күнделікті күйбең тірлігін ұмытып, балаларының ыстық ықыласы мен шексіз сүйіспеншілігін сезінетін күн...
Добавил: DanChik

Мектептегі өрт қауіпсіздігі слайд презентация

. Мектепте адамдардың көп болуына байланысты, үйдегі адамдарды құтқаруға қарағанда, оларды эвакуация жасауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондақтан мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары орындалуы тиіс.
Добавил: DanChik

Астана күні слайд презентация.

Добавил: DanChik

16 желтоқсан - ҚР тәуелсіздігі күні слайд

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.
Добавил: DanChik

Журналистика туралы слайд презентация.

Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Добавил: Dan41k

Ата-ана және қоғамдық жұмыс туралы слайд презентация. Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы, жаңа адам сол ұяда дүниеге келеді, бұл шағын әлеуметті топ – бала үшін алғашқы өмір мектебі. Ата –ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы, өз үйіндегі ата-ана тәрбиесі, өнегесі.
Добавил: Dan41k

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні туралы слайд презентация. 1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық күрестің символы болды. Кеңестік идеологияның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяковскийдің «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді.

Добавил: Dan41k

Иоганн Себастьян Бах туралы слайд презентация. Иоганн Себастьян Бах (21.3.1685, Эйзенах, Германия - 28.7.1750, Лейпциг, сонда) - ұлы немістер композиторы, органшы. Иоганн Себастьян Германиядағы атақты музыканттар отбасында дүниеге келген. Тіпті оның аталары да ерекше музыкалық қабілетке ие болған. Мысалы, Фейт Бах, Иоганнес Бах секілді адамдар музыкалық қабілетімен руының абыройын асқақтатып жүрді. Олардың отбасыларының танымалдығы сонша, «Bach» сөзі қалада "қала музыканты" деген ұғымда қолданылды.

Добавил: Dan41k

Мен және менің құқықтарым туралы слайд презентация. "Адам құқығы" деген не екенін түсіну. Адам құқығын құрайтын элементтерді игеру. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттерін шектеу. Балаларға жалпы адам құқығы мен міндеттері туралы түсінік беру; кәмелелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; сабақ барысында балалардың бір-бірімен теңдік қарым-қатынасын орнату; сабақ барысында балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.